Төтенше жағдай жөнінде алғашқы болып хабарлаған Бурабай аудандық ТЖБ басшысы, подполковник А.Нұркеновтың айтуынша, «Бурабай Су Арнасы» коммуналдық кәсіпорнының су тазалау стансасында жөндеу жұмыстары барысында 4 жұмысшы күкіртсутегінен уланып қалған.
Оның бірі 1979 жылғы слесарь Е.Мишуров сол жерден көз жұмып, денесі Бурабай аудандық ауруханасының мәйітханасына жеткізілді. Сондай-ақ, орташа және ауыр түрде зардап шеккен 1956 жылғы бас технолог С.Садықов, 1968 жылғы кезекші электрик Ю.Дрюгин, 1956 жылғы бас инженер А.Шевченко аудандық ауруханаға жатқызылды.
Төтенше жағдайды реттеуге ТЖД жеке құрамынан 2 адам және 1 техника, Бурабай аудандық ІІБ 12 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.