БУРАБАЙ. ҚазАқпарат – Бурабай ауданындағы Орлиное гнездо тауында аяғы сынған 53 жастағы әйел құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Щучье қаласынан келген 2 ересек пен 3 бала Орлиное гнездо тауын бағындырмақшы болған. Сол кезде 1969 жылы туған әйел құлап, аяғын сындырып алған.
«Құтқарушылар зардап шеккен әйелді 400 метр биіктіктегі ұзындығы 2 км болатын таудан зембілге түсіріп, жедел жәрдем көлігіне әкелді», – деді ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын Бурабайдағы Үлкен шабақты көлінде демалушылар үш қызды құтқарып қалғанын жазған едік.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.