«Бурабай» ұлттық паркіндегі көлдерде аэрация жұмысы басталды

Фото: С.Ж. Балташева

АСТАНА. KAZINFORM — Бұл процесс суды оттегімен қанықтырады және су объектілерінің экожүйесін сақтауға көмектеседі, деп хабарлайды «Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі.

Биылғы іс-шара Қатаркөл, Жүкей, Текекөл және Үлкен Шабақты көлдерін қамтиды және оның нәтижелері судың күйіне мен ихтиофаунаға оң әсерін тигізеді.

Фото: С.Ж. Балташева

— Көлдер — бұл барлық тіршілік иелері сияқты күтімді қажет ететін тірі организм. Оттегі жеткілікті болмаса, балық пен су объектілерінің басқа мекендеушілері тірі қалмайды. Бұл жағайға жол бермеу үшін жұмыс істеп жатырмыз, — дейді инженер-ихтиолог Нұрман Айтқожин.

Фото: С.Ж. Балташева

Аэрация заманауи әдістермен жүзеге асырылады: қызметкерлер суды оттегімен қанықтыру үшін араластыратын сорғыларды пайдаланады. Қамыс сияқты табиғи механизмдердің де пайдасы бар, оны суға оттегін жіберетін су «көмекшісі» деседе болады.

Фото: С.Ж. Балташева

Жұмыс өткен аптада басталып, ақпан айының соңына дейін жалғасады.

— Аэрация тек техникалық процесс емес, бұл көлдердің ертеңгі болшағына қосқан үлесіміз. Біз балаларымыз бен немерелеріміз үшін Бурабайдың бірегей табиғатын сақтауға мүмкіндік беретін жағдай жасаймыз, — деді Нұрман Айтқожин.

Бұл іс-шаралар экожүйенің денсаулығын қолдап қана қоймай, көлдерді балықшылар мен туристер үшін тартымды етіп, парктің Қазақстанның табиғи ғажайыптарының бірі ретіндегі мәртебесін нығайтады.

Бұған дейін Бурабайдағы баламасы жоқ мультимедиялық кешенге 7 мыңнан астам турист келгені белгілі болды.