«Бурабай» ұлттық табиғи саябағында орман өрті ауыздықталды

None
АСТАНА. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат - Ақмола облысында орман өрті ауыздықталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Мамырдың 2-сінде сағат 16.30-да «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының аумағында 50 гектар орман өрт құшағында қалды . Тілсіз жау мамырдың 3-і күні сағат 06.30-да ауыздықталды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.