- Бұл оқиға туралы айтсақ, біздің мәліметіміз бойынша апатқа көлік тізбегіне ілескендердің жылдамдық режимін сақтамауы себеп болғанын ғана айта аламын. Яғни, біздің жол-көлік оқиғасының себебін анықтайтын өкілетіміз жоқ. Ішкі істер органдары қазір тергеу жүргізіп, апат себептерін анықтап жатыр, - деді ТЖМ өкілі.
«Астана-Щучье» тас жолындағы жаппай көлік апатында 95-ке жуық автокөлік зардап шеккенін жазған болатынбыз.
Айта кету керек, кейінгі 5 күнде ТЖМ өкілдері жолда қалған 199 адамды құтқарып, 270 адамды жылыту бекетіне апарған.