КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының аумағында «Астана-Көкшетау» тас жолының бойында жол апаты болып, 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ресми деректерге қарағанда, жол апаты бүгін таңертең сағат 07:00 шамасында Бурабай ауданы аумағындағы Бурабай курортына апарар жолдың «Астана-Көкшетау» тас жолына түйісер тұсында болған.
Hyundai Starex минвен көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай бос тұрған көліктік байқау бекетінің ғимартына соғылды. Жол апатынан көлікте отырған 3 адам оқиға орнында көз жұмса, тағы 4 адам аудандық аурханаға жеткізілді.
Қазіргі кезде полиция оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.