киім-кешектер табысталды.
Осылайша жаңа оқу жылында «Ақмола облысы бойынша мүгедек балалар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен сегізінші рет қолға алынып отырған іс-шара барысында аймақтың барлық аудандары мен қалаларынан келген балғындарға сый-құрмет көрсетілді. Олар бір күн бойы көрікті Бурабай аймағын аралап, табиғат сұлулығын, мұндағы тарихи-өлкетану жәдігерлермен танысты. Кездесу аясында көркемсурет, мәнерлеп өлең оқу, ән айтып, би билеуден сайысқа түсті.