Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 12 маусым күні сағат 16.15 кезінде жедел құтқару жасағының кезекші бөліміне хабар түскен.
Қоңырау шалған 21 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны 720 метр биіктікте Көкше тауына экскурсия кезінде сол аяғынан жарақат алғанын айтқан.
Оқиға орнына Бурабай кентінің № 7 құтқару бөлімшесінің кезекші ауысымы шыққан болатын.
Құтқарушылар жас жігітке алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетіп, таудан аман-есен түсіріп, жедел жәрдем көлігіне тапсырды.
Құтқару операциясын Бурабай кентінің №7 құтқару пункті басшысының міндетін атқарушы А.С. Попов басқарды.
Өз кезегінде жас жігіт құтқарушыларға алғысын жеткізді.