«Бүгін Семен Пак бастаған «Тұмарым» қорының өкілдерімен кездестім. Қор корейлік ғалымдармен бірге Бурабай курортында бірнеше мың студентке арналған университеттік қалалық құрлысының жобасын ұсынды. Ұсынысты зерделейтін боламыз. Жобаны ҚР білім және ғылым министрлігіне келісуге жібердік», - деп жазды Марат Иғали.
16:45, 03 Қыркүйек 2018
Бурабайда бірнеше мың студентке арналған университеттік қалашық салынуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бурабайда бірнеше мың студентке арналған университеттік қалашық салынуы мүмкін. Мұндай жаңалықпен Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғали Фейсбуктегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.