Бурабайда «BURABAY NOMAD FOOD» фестивалі өтеді
Дүниежүзілік WORLDCHEFS (World Association of Chefs' Societies) аспаздар қауымдастығының қолдауымен Қазақстан аспаздарының ұлттық қауымдастығы мен Ақмола облысының туризм басқармасы бірлесіп өткізгелі отырған шарада көшпенділердің ұлттық тағамын әзірлеу бойынша командалық жəне аспазшылардың жеке сайысы, сондай-ақ, аспаздардың шеберлік сыныбы, тамақтану жəне қонақжайлылық бойынша семинар, лекция жəне дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Оған қоса, «Қазақстанда жасалған» сауда белгісімен ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі өтеді.
Фестиваль шеңберінде отандық эстрада жұлдыздары мен би ансамбльдерінің концертін де ұйымдастыру жоспарланған.
«Баршаңызды аспазшылардың халықаралық «BURABAY NOMAD FOOD» фестиваліне шақырамыз. Толық ақпаратты 87162 72 33 53 телефон нөмірі немесе info@visitaqmola.kz электронды поштасы арқылы алуға болады. Ал, kazchefs.kz парақшасында қатысу ережесі жарияланған», деп көрсетілген хабарламада.