Бурабайда демалушылардың саны рекордтық көрсеткішке жетті

Фото: None
ЩУЧИНСК. ҚазАқпарат – Биыл Бурабайда демалушы туристердің саны рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғали ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат беру барысында айтты.

«Биыл Бурабайғадемалуға келушілердің саны жылдағыдан бірнеше есеге артып, рекордтықкөрсеткішке жетті. Өкінішке қарай, туристердің нақты санын 1-1,5 жылдан соңғана біле аламыз. Дегенмен, қонақ үйлер мен демалыс орындарында жаз бойы орынжоқ деп айтуға болады. Алдын ала болжам бойынша демалыс маусымы басталғалыБурабайға 1 млн 200 мың турист келген. Маусым біткенше бұл көрсеткіш 1,5 млн-ғабарады деп отырмыз. Мұнда отандастарымыздан бөлек, көрші ресейліктер көптепкеледі. Оның бірден бір себебі, негізінен ресейліктердің демалуға ең жиібаратын ел ол Грузия, биыл бұл мемлекетбағаны айтарлықтай көтерді, сондықтан да көрші елдің туристері бізге келуде», -дейді М.Иғали.

Сондай-ақ, әкіморынбасары Бурабайдың ТМД елдері бойынша туристердің жиі келетін демалыс орныболып танылғанын айтты.

«Ресейліктуристік сайт ТМД елдері бойынша туристер жиі баратын орындардың тізімінжасақтады. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, Бурабай ең үздік деп танылды. Әрине,бұндай көрсеткіштен кейін, Бурабайдың инфрақұрылымын одан әрі жақсартуымызкерек. Мысалы, биыл бұл өңірге толықтай кәріз құбыры тартылды. Сол сияқты жуырда туристерге арналған ұзындығы 30шақырым болатын велосипед жолы пайдалануға беріледі», - деді ол.

Бұған дейін М.Иғали Щучинскіде жоғарыға экстремалды жүгіруден әлем чемпионатын өткізумүмкіндігі қарастырылып жатқандығы туралы айтып берген болатын.

Соңғы жаңалықтар