Бурабайда екі қайыңды кескен ер адам миллион теңге айыппұл төлейді
Облыстың ІІД баспасөз қызметінде хабарлағандай, браконьерлік факті 7 қарашада анықталды. Еңбекшілер АІІБ табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерінің деректеріне сәйкес 51 жастағы ер адам ұзындығы 7 метр 2 дана қайыңды заңсыз кесіп алған. Қазір шығын сомасы анықталуда. Күдіктінің айтуынша, ағашты ол пешке жағу үшін кескен.
Полицейлер ҚР ҚК 340-бабы 4-тармағы 3-бөлімі бойынша соталды тергеуді бастады. Аталған бап санкциясы заң бұзушыға 90 тәулікке дейін бас бостандығынан айыру не 500 АЕК көлемінде айыппұл төлеуді көздейді.
Еске салсақ, 1-10 қараша кезеңінде ақмолалық полицейлер «Браконьер» арнайы операциясы аясында жұмыс жүргізуде.
Шараның басты мақсаты - табиғатты қорғау заңнамасы бұзушылықты, биологиялық ресурстар нысандары мен өнімдерінің заңсыз айналымының анықтау жолын кесу, экологиялық қылмыстарды ашу. Облыс бойынша 76 жедел топ құрылды. Құрамына 200 полицей, 78 бірлік қызметтік көлік кірді.