Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, екі күндік халықаралық тренингтің негізгі мақсаты - қатысушылардың гендерліктің келелі мәселелер жиынтығы бойынша білімін арттырып, сондай-ақ гендерлік теңдікке жетуде ұлттық тетіктің жұмыс істеуі үшін мемлекеттік органдар үшін ұсыныс жасау.
«Жаттықтырушылар ретінде халықаралық және ұлттық сарапшылар шақырылған. Жаттықтырушылар тренинг қатысушыларын әртүрлі мемлекеттердегі гендерлік саясаттың жүзеге асып жатқан тәжірибесімен таныстырып, мемлекеттік органдардың гендерлік саясаттың ілгері басуындағы рөлі, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамдағы гендерлік теңдіктің дамуы, сондай-ақ ерлер мен әйелдерді тең құқық және тең мүмкіндікпен қамтамасыз етудің мемлекеттік құрылымы аясындағы мәселелерді талқылайды», делінген баспасөз орталығының хабарламасында.
Тренингті ұйымдастырушылар - Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесе ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісіжәне отбасы-демографиялық саясат бойынша Ұлттық комиссия.