КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабайда ауданында қонақүй өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аймақтық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, өрт бүгін түнде Қатаркөл (Қотыркөл) елді мекеніндегі "Уют" қонақүйінде орын алған.
Тілсіз жауды ауыздықтауға аймақтық ТЖД жеке құрамынан 20 адам жəне 5 арнайы техника тартылды. Өрттің салдарынан ғимараттың 120 шаршы метр шатыры зақымданған. Зардап шеккендер жоқ.
Алдын ала мəліметтерге қарағанда өрттің электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққаны анықталып отыр.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.