Бурабайда орманға жай түсіп, өрт тұтанды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысы Бурабай ауданы аумағында орман өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, өрт бүгін сағат 11:00 шамасында Жасыл ауылынан 5 шақырым жердегі «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне қарасты Жалайыр орман шаруашылығы аумағында болды.

От тұтануына жай түсуі себеп болған.

Тілсіз жауды ауыздықтауға «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне қарасты Жалайыр орман шаруашылығының 12 жұмысшысы, ТЖД жеке құрамынан 15 қызметкер тартылды.

«Өрт орман алқабының 0,08 гектарын шарпыды. Сағат 11:25 шамасында өрт ауыздықталды. Зардап шекендер мен мерт болғандар жоқ», - дейді Бурабай аудандық ТЖБ бастығы Қанат Бабаев.