деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Салиқалы басқосуға отандық және шетелдік бизнестің, ғылыми орта мен инвестицияны тарту, мемлекеттік-жеке әріптестік тетіктерін жетілдіру мәселелері жөніндегі мемлекеттік құрылымдар өкілдері қатысты. Өз кезегінде облыс әкімі Альберт Рау өңірдің экономикалық жағдайы мен мүмкіндігіне сараптама жасай келе, алда шешімін күткен басым бағыттарға назар аударды. Осы ретте, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға -1,5 миллиард, индустриялық-инновациялық дамуға - 20 миллиард , Щучье-Бурабай курорты аймағын жандандыруға -15 миллиард, Астана төңірегінде агромелиорациялық мүмкіндіктерді игеруге 10 миллиард теңгеге жуық қаржы қажет. Бүгінде аймақта жалпы сомасы 3 миллиард теңгенің 13 жобасы шешімін тапса, алдағы күнде 12 миллиард теңгенің 27 жобасы іске қосылмақ. Екі күндік форумда индустриялық-инновациялық даму, Көкшетау қаласының бас жоспары мен Щучье-Бурабай курорты аймағы мен «Бурабай» арнайы экономикалық аймақты дамытудың тұсаукесері жасалып, «Тамақ өнеркәсібі» кластерін дамыту мен Астана маңындағы азық-түлік белдеуін құру жайы қарастырылды. Соған сәйкес олардың шешімін табуға қатысты ұсыныстар жасалып, нақты жоспарлар белгіленді.
Басқосу аясында жылдық қуаты 24 мың тонна құс етін өндіру фабрикасына 18 миллиард теңге инвестиция бөлу, ет және астық өңдеу кәсіпорнын, 8640 басқа арналған бордақылау алаңын салу, істеп тұрған сүт зауыттарын қайта жарақтау, өсімдік майын өндіруді ұлғайту сынды жобаларды іске асыру жайы айқындалды. Оның сыртында он тауарлы сүт фермасын, осыншама бордақылау алаңын салу арқылы ет өндірісі 18 мың тоннаға жеткізілмек. Майлы дақыл алқабын - 80 мың, картопты - 6 мың, көкөністі - 54 мың, жылыжай аумағын 15 гектарға арттыру көзделуде. Бұл ең алдымен елорданың картоп пен көкөніс, ет және сүт өнімдеріне деген сұранысын қанағаттандыруға бағытталған. Форумда ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру, құрылыс материалдарын шығару, жол құрылысын жалғастыру, соған сәйкес шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған ұсыныстар қабылданды.