Бурабайда полиатлоннан Әлем кубогының кезеңі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 25-28 ақпаны аралығында Бурабай өнірінде, яғни Щучье қаласында әйелдер мен ерлер арасындағы қысқы полиатлоннан Әлем кубогының 3-ші кезеңі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл дүбірлі халықаралық жарысқа дүниежүзінің 12 мемлекетінен 70-ке жуық беделі жоғары спортшылар қатыспақ. Бұл спорт түрі 3 сайыс бойынша өтеді, ол: шаңғымен жүгіру, күштік гимнастика және нысана көздеу.

Бағдарламаға сәйкес, 25 ақпанда Щучье қаласында орналасқан «Жақсы» спорт кешеңінде сағат 14:00-де баспасөз-маслихаты өтеді. Сонымен қатар, сол күні сағат 16:00-де салтанатты ашылу рәсімі болмақ. Жарыс кестесі бойынша сайыс 28 ақпанға дейін созылады.

Шаңғы жарысы және шаңғы эстафета сайысы «ЦСКА» базасында өтсе, қалған дисциплиналар «Жақсы» спорт сарайында жалғасады.