КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - 12-13 желтоқсан күндері Бурабай баурайында саятшылардың «Қансонар-2019» халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақмола облысының «Visit Aqmola» туристік ақпарат орталығының мәліметінше, Тәуелсіздік күніне және атақты бүркітші Мәсіп Батырхановты еске алуға арналған турнирге Қазақстанның 12 облысынан, сондай-ақ, Венгрия, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай және Ресей елдерінен құс тілін білетін, ақсүйек өнерді жанына серік еткен саятшылар қатысады деп жоспарланған.
Турнир бағдарлама бойынша «Бүркітпен аң аулау», «Сұңқармен аң аулау» және «Қаршығамен аң аулау» сияқты үш кезеңнен тұрады.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.