Бурабайда сирек кездесетін өсімдік гүлдеді

Фото: Фото: видеодан кадр/"Бурабай" МҰТП

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – «Бурабай» ұлттық паркінде ақ тұңғиық гүлдеді.

Ұлттық парктің флорасын зерттеу және бақылау бойынша табиғат аясындағы жұмыстар кезінде «Бурабай» МҰТП кіші ғылыми қызметкері-ботаник Юлия Боссерт гүлденген ақ тұңғиықты тапты. Бұл сирек кездесетін өсімдік Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және парк экожүйесінің маңызды бөлігі болып табылады.



«Бұл өсімдік заңмен қорғауға алынғанын және біздің қамқорымызға мұқтаж екенін есте ұстаған жөн», - деп атап өтті Юлия Боссерт.