Бурабайда «Тіл мерейі» республикалық байқауы өтеді
Бұл туралы Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Байқаудың мақсаты - мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылардың қоғамдық мәртебесі мен кәсіпқойлығын, беделін арттыру және оқытушының әдістемелік шеберлігін шыңдау, тіл үйретудің озық әдістемесін насихаттау, тарату, педагогикалық қызметтегі инновациялық тәсілдерді қолдану және оқытушылардың сабақ берудегі біліктілігі мен тәжірибесін сараптау болып табылады.
Байқауға облыстық (қалалық) мемлекеттік тілді оқыту орталықтарында өткізілген байқаудың 14 жеңімпазы қатысады.
Байқау жеңімпаздарын анықтау үшін филология, педагогика ғылымдары мамандарынан құралған қазылар төрелік ететін болады. Жеңімпаздар диплом, алғысхат және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.