Ақмола облыстық «Visit Aqmola» туристік ақпарат орталығының мәліметінше, аталмыш нысан әртүрлі табиғи материалдар мен бөлшектерден жасалған. Шығармашылық идея көрермендердің эмоционалды әсеріне арналған.
«Жаздыгүні кез келген адам көп уақытын табиғат аясында өткізгенді қалайды. Саябақ, скверде серуендеп, ашық аспан астында туысқандарымен және достарымен Бурабайдың сұлу табиғаты мен теңдессіз сәулет ескерткіштерін тамашалағысы келеді. «Орындық-Бурабай» арт-құрылысы сондай нысандардың бірі саналады. Нысан Бурабай курортының танымалдылығын арттыру мақсатында туристерге арналған. Нысанның ұзындығы 9,80 метр, ені 1,15 және биіктігі 2,33 метрді құрайды. Екі жақта орнатылған орындыққа 20 адам еркін жайғасып отыра алады», дейді «Visit Aqmola» туристік ақпарат орталығының баспасөз қызметі.