Полицейлердің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 26 ақпанында Бурабай аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Оның сөзіне қарағанда, белгісіз біреулер оның пәтеріне түнгі уақытта балконның терезінен түсіп, тұрмыстық заттар, киім-кешек және зергерлік бұйымдарды үптеп кеткен. Осылайша, 500 мың теңге көлемінде шығын келтірген.
«Жедел-іздестіру шарасы барысында сол күні 19 жастағы жергілікті тұрғын қолға түсті. Қазіргі кезде күдікті қылмысын мойындап, үстінен ҚР ҚК 188- бабы, 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, күдіктінің осындай өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталу үстінде», - деп көрсетілген хабарламада.