деп хабарлайды ҚазАқпарат sport.gazeta.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл жиын тамыздың соңында Оңтүстік Кореяда өтетін Азия чемпионатына дайындықты пысықтау аясында өтеді. «Біз алдымызға мүмкіндігінше көп ұпай алу міндетін қойып отырмыз. Өйткені, қазіргі таңда 2012 жылы Лондонда өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу болып жатыр. Сонымен қатар біз Әлем чемпионатына да жолдама алуымыз қажет», - дейді құраманың бас жаттықтырушысы Юрий Соловьев.
Айта кетейік, оқу-жаттығу жиынына барлығы 18 үшсайысшы қатысады. Оның 9-ы - ересек спортшылар, 9-ы - жасөспірімдер. Оңтүстік Кореяда өтетін Азия чемпионатына Қазақстан құрамасы 3 ересек және 3 жасөспірім спортшыны апарады. Бас жаттықтырушы чемпионатты ел намысын қайсы спортшылардың қорғайтынын әзірге атамай отыр. Дегенмен, жуырда өткен Азия кубогы кезеңінде жақсы нәтиже көрсеткен ерлер құрамасының көшбасшысы Дмитрий Смуровтың құрлықтық біріншілікке қатысатыны анық.