«Visit Aqmola» туристік ақпарат орталығының мәліметінше, 1 желтоқсан күні Бурабай курортындағы «Burabay Land» сауықтыру саябағында тұңғыш рет қызмет және сауықтырудың барлық түрлері бойынша «Winter Fest-2018» фестивалін өткізу жоспарланып отыр.
«Шараның мақсаты - Бурабай курортының танымалдығын арттыру, қызмет және сауықтыру түрлерін ұсыну. Барлық қатысушылар өз қызметтері мен сауықтыру түрлерін ұсына отырып, арнайы дәлізбен жүріп өтеді», - деп түсіндірді ведомстводан.
Фестивальге курортты аймақтағы отельдер, сауықтыру және туристік қызметтің барлық түрлері қатыстырылады.