Ақмола облыстық ПД табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мен «Бұқпа» орман шаруашылығының жұмысшылары бірлесіп жүргізген тексеріс кезінде аталмыш орман шаруашылығы аумағында 25 түп қайын ағашының заңсыз кесілгені анықталды.
«Жедел-іздестіру шарасы кезінде Щучинск қаласының 37 жастағы тұрғыны ұсталды. Одан заттай айғақтар тәрікленді. Осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 340-бабының 2-бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», -дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Айта кету керек, мемлекеттік орман қорында заңсыз ағаш кескен адамдарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Сонымен қатар, 2019 жылдың 1-31 қазан аралығында Ақмола облысының ПД қызметкерлері «Браконьер» жедел-алдын алу шарасын жүргізуде.