Бурабайда жарысқа келген 17 жасар бозбала көз жұмды

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында «Жас құтқарушы» халықаралық жарысына қатысуға келген жас жігіт суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша,19 шілде күні 16:20-де Бурабай ауданындағы Үлкен Шабақты көлінде жасөспірімніңсуға кеткені жөнінде хабар келіп түскен. Марқұмның аты-жөні - Мұхамед Колигов.

«Мәйітбірден Көкшетау қаласына сот-медициналық сараптамаға жіберілді. 20 шілдедесараптама жасатып, құжаттарды рәсімдегеннен кейін Нұр-Сұлтанқаласына жеткізілді. Сол жерден «Эйр Астананың» КС 341 ұшағымен Шымкентқаласына жөнелтуге тиіс болатын. Алайда, рейс белгісіз себеппен екі рет кейінгеқалдырылды. Бүгін таңертең марқұмның денесін Шымкентке жеткізіп, туыстарының қолына беруүшін әрі қарай Таразға алып кетті», - деп мәлім етті облыстық ТЖД.

Ведомствода атап өткендей, қайғылы оқиға «Жас құтқарушы»халықаралық жарысы аяқталғаннан кейін болған.

«Тараздық команда 19 шілде кешкі 22:30-да пойызға мініп,жолға аттануға тиіс болатын. Сондықтан сапар алдында қатысушылар Бурабайкурортын аралауға шыққан. Балалардың жанында жаттықтырушы мен командаөкілі болған», - деп қосып өтті ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар