Бурабайда Жекебатыр тауы өртенді

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Бурабай курортында Жекебатыр тауының төбесіндегі орманды алқап өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік ТЖД-ға сілтеме жасап.

Ведомствоныңмәліметінше, бүгін сағат 13.00-де Бурабай ауданындағы Жекебатыр тауының үстіндегі орманды алқап (Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының аумағы)өртенгендігі туралы ақпарат түскен.

«Өртті сөндіруге Ақмолаоблыстық ТЖД-ның жеке құрамынан 60 адам мен 5 арнайы өрт сөндіру техникасы,Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының 40 қызметкері мен 2 техникасы,«Қазавиақұтқару» МИ- 26 тікұшағы жұмылдырылды», - деді ведомстводағылар.

Сағат 16:10-да өрт ауыздықталды.

Бастапқы мәлімет бойынша,өрт қураған шөптен шыққан. Зардап шеккендер жоқ, Өрттің шығу себебі салдарыанықталып жатыр.


Соңғы жаңалықтар