Бурабайда жемқорлыққа қарсы халықаралық конференция өтеді
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) баспасөз қызметінің мәліметінше, аталмыш шараны Аганттік ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығымен, БҰҰ-ның Даму бағдарламасымен және Transparency Kazakhstan жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық қорымен бірлесіп өткізеді. «Конференция Еуропа кеңесінің «Жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік жөніндегі» конвенциясын имплементациялау мәселелерін зерттеу және тәжірибе алмасу үшін мүмкіндіктер береді. Конференцияда жемқорлықпен күрес саласындағы үздік әлемдік тәжірибелер таныстырылады. Арнайы сессияда сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы Қазақстанның тәжірибесі таныстырылады. Конференцияға 40-тан астам елдің мемлекеттік мекемелерінен, бизнес қоғамдастықтарынан, үкіметтік емес, академиялық және халықаралық ұйымдарынан 100-ге жуық делегаттар қатьысатын болады», делінген Агенттіктің таратқан хабарламасында.