Бурабайдағы өрттен зардап шеккен бес адам Астанаға жеткізілді
БУРАБАЙ. KAZINFORM —
Өрттен зардап шеккен бес адам Астана қаласындағы Ұлттық жедел медициналық көмек көрсету орталығына жеткізілді. Олардың төртеуі ұшақпен, ал біреуі жергілікті көлікпен жеткізілді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек хабарлағандай, кеше Щучинск қаласындағы «Центр плова» кафесінде болған өрттен зардап шеккен бес пациент Астана қаласына ауыстырылған.
Өрттен зардап шеккен бес адам Астана қаласындағы Ұлттық жедел медициналық көмек көрсету орталығына жеткізілді. Олардың төртеуі ұшақпен, ал біреуі жергілікті көлікпен жеткізілді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.
— Төрт пациент ұшақпен жеткізілді, біреуі — жергілікті көлікпен жөнелтілді. Екеуі Бурабай аудандық ауруханасынан, үшеуі көпсалалы облыстық ауруханадан ауыстырылды, — деді Нариман Ермек.
Сондай-ақ, ол ең ауыр жағдайдағы пациенттердің Акмола облысында қалатынын, олардың транспортациялануына мүмкіндік жоқ екенін айтты.
Еске сала кетейік, бұған дейін Щучинскідегі кафеде газ қоспасы жарылғаны жөнінде жазғанбыз.
Сонымен қатар, жарылыстан зардап шеккен 5 адам Көкшетау ауруханасына ауыстырылғанын хабарлағанбыз.
Сондай-ақ жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Щучьедегі жарылыста қаза тапқандардың отбасына 2 млн теңгеден берілетіні хабарланды.
Щучинскідегі өрттен қаза тапқандардың отбасына 2 млн теңгеден төленді.