Бурабайдағы «Айна» сүт зауыты алғашқы мың тонна өнімін жөнелтті

None
КӨКШЕТАУ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Бурабай ауданы Щучье қаласындағы «Айна» сүт зауыты алғашқы мың тонна сүт өнімдерін тұтынушыларына жөнелтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Есіл-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «ҚазАгро» қаржылық институтының қолдауымен іске қосылған өңдеу кәсіпорнында ресейлік технология қолданылады. Зауытта он түрлі сүт өнімдерін шығару шешімін тапқан. Қазір мұнда 25 адам жұмыспен қамтамасыз етіліп, олардың орташа айлық табыстары 35 мың теңгеден айналуда. Зауытқа қажетті шикізат серіктестіктің Кенесары ауылындағы товарлы сүт фермасынан жеткізіледі. Онда қазіргі кезде 600 бас ірі қара күтімге алынған. Фермада он адам жұмыс істейді.