«24 тамызда казиноның бас бухгалтерінің поштасына Cash Ville Casino ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлама түскен. Онда көрсетілгендей, ғимаратқа 6 келі тротил әкелінген. Хабарламаның авторы шотқа 5 миллион рубль аударуды талап етіп (хатта көрсетілген), кері жағдайда казиноны жаратынын жазған», - деп жазды жергілікті БАҚ.
Айта кетсек, аталмыш казино Бурабай курортындағы «Rixos Borovoe» қонақ үйінің бірінші қабатында орналасқан.
«Қазіргі кезде айтылған орында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», - деп түсіндірді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ ведомствоның баспасөз қызметі кейінірек қосымша мәлімет ұсынатынын айтты.