Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 13 шілдеде сағат 16:12-де болған. Өрт шамамен 0,14 гектар аумақты шарпыды.
Өртті сөндіруге Ақмола облысы ТЖД және «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен 120-дан астам адам мен техника жұмылдырылған. Сонымен қатар су ағызу құрылғысы бар Қазавиақұтқару тікұшағы тартылды.
Нәтижесінде, сағат 18.25-те өрт оқшауланды.
Оқиға орнында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың басшылығымен жедел штаб құрылды.
Айта кетейік, қазіргі сәтте Ақмола облысының Біржан сал ауданында өрт сөндірушілер құрғақ шөп өртімен арпалысып жатыр. Соңғы мәлімет бойынша, тілсіз жау 1 100 гектар жерге жайылған. Секундына 7 метрге дейін жылдамдықпен соққан жел мен ауа температурасының 38 градусқа дейін көтерілуі өрт сөндіру жұмыстарын қиындатып жатыр.