Бурабайдағы құны 20 миллиард теңгелік гольф-клубтың құрылысына «ҚазТрансОйлдың» еш қатысы жоқ - компания мәлімдемесі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бурабай-Щучье аумағында салынып жатқан ірі гольф-клубқа «ҚазТрансОйл» компаниясының еш қатысы жоқ. Бұл туралы бүгін ҚТО Бас директоры Қайыргелді Қабылдин мәлім етті.

«Бір жыл бұрын ҚТО құрамында жобаға жетекшілік еткен «ҚазТрансОйл-Қызмет» компаниясы болған. Біз оны IPO болған уақытта профильді емес актив ретінде «ҚазМұнай-Қызмет» компаниясына берілді. Қазіргі уақытта біз «ҚазТрансОйл» АҚ құрамында мұндай компания жоқ», - деп атап өтті Қ.Қабылдин.

Айта кетейік, бұның алдында бірқатар БАҚ беттерінде «ҚазТрансОйлдың» еншілес компаниясы Бурабай-Щучье аумағында 20 миллирд теңгеге гольф-клуб салып жатқандығы туралы ақпарат тараған болатын. Аталмыш ақпарат шындыққа сай келемейді, деп хабарлады бүгін компаниядан.

Тағы бір атап өтерлігі, аталмыш гольф-клуб Қазақстанның ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Оның аумағы шамамен 100 гектарды құрайды және ол «Чемпионат» санаты бойынша салынбақ. Сонымен қатар оның маңына 17 элиталы коттедж, жабық теннис кешені, сапалы жағажай, су транспортына арналған тұрақ, аквапарк орналасады деп жоспарлануда. Гольф-клуб 2015 жылдың екінші жартысында