«2014 жылғы 11 шілдеде жүргізілген зерттеу сынамаларында шартты патогендік және патогендік флора табылмады, бұл А.Әбілдинада ішек инфекциясы болмағанын білдіреді», - делінген хабарламада.
Дегенмен сот-медициналық сараптама одан әрі жалғастырылуда.
Еске сала кетейік, Аружан Әбілдина Қарағанды облысынан Бурабай ауданы Қотыркөлдегі "Континент" балалар сауықтыру лагеріне демалуға келген болатын. Осында ол асқынған ішек жұқпалы ауруын жұқтырды, деген диагнозбен, Бурабай аудандық ауруханасына, кейін ем қонбаған соң, ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, сонда ес жимастан жантәсілім еткен еді. Баласынан айырылған қыздың анасы дер кезінде қызына көмек көрсетпеді, деп лагерь тәрбиешілерін айыптауда. Қазіргі кезде тергеу жұмыстары жалғасуда.