Жаттығу жиынының басты мақсаты — боксшы қыздарды Таиландтағы лицензиялық турнирге бабында апару.
Естеріңізде болса 29 ақпан пен 12 наурыз аралығында Италиядағы өткен іріктеу турнирінде бұрымды боксшыларымыздың барлығы жолдамаға қол жеткізе алмаған. Осы сәтсіздіктен кейін бұрымды боксшылар арасында Таиландтағы соңғы іріктеу турниріне қатысатын боксшылар Астанадағы спаррингтік жарыста анықталды.
Жарыс қорытындысы бойынша Назым Қызайбай (50 келі), Ұлжан Сәрсенбек (54 келі), Наталья Богданова (66 келі), Валентина Хальзова (75 келі) Олимпиадаға іріктеу турнирінде бақ сынау мүмкіндігіне қол жеткізді.
Енді осы аты аталған боксшы қыздар Таиландтағы соңғы іріктеу турниріне барады.