Бұрынғы судья Светлана Жолмановаға қатысты сот отырысы тағы кейінге шегерілді

Фото: instagram.com/zholmanova.svetlana

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Медеу аудандық сотының бұрынғы судьясы Светлана Жолманова қатысты сот отырысы кейінге қалдырылды.

Алматы қалалық сотынан мәлім еткендей, келесі сот процессі 10 маусым күні сағат 15:00-ге ауыстырылды.

Светлана Жолманова ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша айыпталып отыр.

С. Жолманова 2021 жылдан бастап 2024 жылға дейін жылжымайтын мүлік сатып алуға және тендерлік жобаларға қатысуға жәрдемдесу сылтауымен, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы азаматтардың миллиондаған теңгесін қолды қылған. Зардап шеккендердің арасында оның достары, көршілері, таныстары мен әріптестері бар.

Тергеп-тексеру барысында қылмыстық әрекеттің 48 эпизоды анықталып, олар бір іске біріктірілді.

Бұған дейін прокурор Раушан Абдулла айыптау актісін оқыған болатын

Еске салайық, осыған дейін сотталушы Светлана Жолмановаға қатысты сот отырысы бес рет кейінге шегерілген болатын

Бұған дейін ҚР Бас прокуратурасы Жолманованың ісі сотқа жолданғаны туралы хабарлаған болатын

Еске салайық, былтыр экс-судьясы Светлана Жолманова ұсталғаны туралы жазғанбыз.

Алғаш рет алматылық судья 2021 жылы алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.