Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарған.
1979 жылы Тараз қаласында дүниеге келген.
Мынадай мамандықтар бойынша білімі бар:
- экономист;
- заңгер;
- мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі;
- мемлекеттік басқару және халықаралық қатынастар магистрі.
Мыналарды:
- М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін;
- Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін;
- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын;
- Францияның Ұлттық әкімшілік мектебін тәмәмдады.
Еңбек қызметі:
- 1998-2001 жылдары - «Қазнұр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің валюта айырбастау пунктінің менеджері;
- 2003-2007 жылдары - «Профиль-Lux» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры;
- 2007-2013 жылдары - Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық сотында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген;
- 2013-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінде басшылық лауазымдарды атқарды;
- 2014-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі департаменті директорының орынбасары;
- 2016-2018 жылдары - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары;
- 2018-2019 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
- 2019-2021 жылдары – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарушы директоры - Басқарма мүшесі;
- 2023-2026 жылдары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі.
Айта кетелік Ұлытау облысында балалар құқықтарын қорғау басқармасына жаңа басшы тағайындалды.