Бұрқасын, көктайғақ: Алдағы үш күнде күн суытып, аяз күшейеді
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМҚ синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі — жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын түседі.
— Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады. Тек республиканың батысында, оңтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, — делінген хабарламада.
Температуралық фон бойынша еліміздің солтүстігінде ауа температурасының сәл жоғарылауы күтіледі — түнде 0–8 градус аяз, күндіз 0–5 градус жылы. Оңтүстік-шығыста күндіз температураның біртіндеп 3–11 градус жылыға дейін төмендеуі, таулы аймақтарда 0–5 градус аяз күтіледі. Елдің қалған аумақтарында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.