Бұрқасын, тұман: алдағы үш тәулікте күн райы қандай болады

АСТАНА.KAZINFORM — Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінде болады, соның салдарынан жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, елдің солтүстік жартысында төменгі бұрқасын болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ мәлім етті.

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Синоптиктердің болжамынша, 13 қарашада республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болжанады. Республика бойынша тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі. Тек еліміздің оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Күндізгі ауа температурасы:

— Батыс өңірлерде 8… 18°С,

— Шығыста -5… 5°С,

— Оңтүстікте 10… 18°С,

— Солтүстік-батыста 2… 13°С-тен -5…-10°С-қа дейін төмендейді,

— Солтүстікте 0… 5°С-тен -2…-7°С-қа дейін,

— Орталықта 0… 8°С-тен -8…-3°С-қа дейін,

— Оңтүстік-шығыста 5… 15°С,

— Таулы аймақтарда 0… 5°С-тен -5…-10°С-қа дейін болады.

— Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінде болады, соның салдарынан жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, елдің солтүстік жартысында төменгі бұрқасын болады. 13 қарашада республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болжанады. Республика бойынша тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі. Тек еліміздің оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады, — делінген хабарламада.

Күндізгі ауа температурасы:

— Батыс өңірлерде 8… 18°С,

— Шығыста -5… 5°С,

— Оңтүстікте 10… 18°С,

— Солтүстік-батыста 2… 13°С-тен -5…-10°С-қа дейін төмендейді,

— Солтүстікте 0… 5°С-тен -2…-7°С-қа дейін,

— Орталықта 0… 8°С-тен -8…-3°С-қа дейін,

— Оңтүстік-шығыста 5… 15°С,

— Таулы аймақтарда 0… 5°С-тен -5…-10°С-қа дейін болады.

Бүгін таңда қарашада еліміздегі қандай жолдар жабылғанын жаздық.