Қатысушылардың ішінде ішкі спартакиадалардың жеңімпаздары - мектеп оқушылары, студенттер мен оқытушылар, елордалық мемлекеттік құрылымдар, кәсіпорындар, Республикалық Ұлан және күш құрылымдарының қызметкерлері, ӘОСК және «Динамо» СК мүшелері, қала қауымдастықтардың өкілдері, сондай-ақ елорданың басқа да тұрғындары мен қонақтардың қатысуы жоспарлануда. Іс-шараның ұйымдастырушысы - Астана қаласының әкімдігі. Алғаш рет «Бұрқасын» шаңғы жарысы «Вечерняя Астана» қалалық газеттің бастамасымен 2000 жылдың 26 ақпанда өтсе, бүгін ол бүкілқалалық дәрежедегі спорттық дәстүрге айналды. Бұл шаңғы фестивалімен Астанадағы қысқы маусым жабық деп жарияланады. Бұл күннің басты жарысы - шаңғы жарысынан басқа, гір тасын көтеру, армреслинг, шайбалы хоккей, қар үстінде белбеу күресі, қысқы шағын футбол, арқан тартыс, бұқа тартыс секілді жарыстар өткізілетін болады. Елорда балықшылары мұзасты балық аулаудан Ашық Чемпионат өтеді және спорт мектептерінің фигурист шәкірттері көрсетілімдік қойылымдардарымен қуантпақ. Автоспорт жанкүйерлері үшін де қызықты да тартысты классикалық ралли бойынша Қазақстан чемпионатының бірінші кезеңі өтпек. Бұл ерекше күннің астаналықтар мен қонақтарына дайындаған сыйы мол. Ниет білдірген адамдар үшін шаңғы мен конькиді жалға беру жерлері жұмыс істейді. Жарыс сағат 11.10-да басталады. Қосымша ақпаратиы 8 (7172) 493 -029 телефоны арқылы білуге болады.