Бұрқасын: Елорда маңына қатынайтын автобус қозғалысы тоқтатылды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ауа райының нашарлауына байланысты Астанада қала маңына қатынайтын қоғамдық көлік қозғалысы тоқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

City Transportation Systems мәліметінше, №315 қаламаңы автобусы уақытша қатынамайды.

Еске салайық, бүгін кешке елордада қалың қар, боран мен жолдың нашар көрінуіне байланысты «Астана – Петропавл» автожолының «Астана – Щучинск» учаскесі аралығы көліктің барлық түрі үшін жабылған болатын.

Синоптиктер 21 ақпанда елдің басым өңірінде күн райы бұзылатынын ескертті. Соның ішінде Астана қаласында түнде және таңертең жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болжанады.