Бұрқасын, көктайғақ, жел -23 қарашадағы ауа райы
Павлодар облысында желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал.
Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20, күндіз жылдамдығы 23-28 м/с жетеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20, екпіні 25 м/с болуы ықтимал.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде - тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күші 15-22 м/с.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, жел 15-20 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын, күндіз жел 15-20 м/с күтіледі.
Алматы, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын болады, жел 15-20 м/с.