«Қазақавтожол» баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы облысында «Үшарал-Достық» 83-184 шақырымдар, Көктума ауылынан Достық ауылына дейінгі аралығы; «Сарыөзек-Көктал» 40-80 шақырымдар, Қоғалы ауылынан Басши ауылына дейінгі аралығында барлық автокөлік қозғалысына шектеу салынды.
«Қазір аталған аумақтарға 7 дана жол-эксплуатациялық қысқы техника мен «Қазақавтожол» облыстық филиалының қызметкерлері жұмылдырылды», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.