3 қаңтарда болған бұл оқиға жайлы ТАСС агенттігі аймақтық үкіметке сілтеме жасап хабарлады.
Кваркен орталық аудандық ауруханасының фельдшері Наталья Нетесова күртік қарда тұрып қалған көліктің ішінде жатқан әйелді босандырып, жаңа туылған нәрестені денесімен бірнеше сағат бойы жылытып, нағыз ерліктің үлгісін көрсетті», - деді баспасөз қызметінен.
Қазіргі кезде ана мен баланың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.
Еске сала кетсек, 3 қаңтарға қараған түні бұрқасынға байланысты Орынбор-Ор күре жолындағы қозғалыс тоқтатылған болатын.