Бүркітті қолға шақырудың ережесі қандай

Фото: Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Бүркіт құсы бойынша 18 спортшы жүлдеге таласып жатыр. Кейін спортшылар сұңқар және қаршығамен сынға түседі.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Бүркітті қолға шақыру жарысын тамашалауға жиналғандардың қарасы көп. Жасыратыны жоқ, көбі жарыс ережесін түсінбей жатыр.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Осы ретте ұйымдастырушылардан сайыстың мән-жайын сұрап білдік.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Белгілі болғандай, әр команда құрамында 3 бүркітші, 1 бапкер, 1 мал дәрігері тіркелген. Жарысқа 18 жастан асқан спортшылар жіберіледі. 

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

«Бұл жарыста бүркіт спортшыдан 500 метр қашықтықта отырады. Төрешінің белгісі бойынша бүркітші қолына жем ұстап, бүркітін шақыра бастайды. Мұнда бүркіттің бүркітшінің қолына келу уақыты есептеледі. Төреші ысқырған кезде уақыт санағы басталады. Егер екі минут ішінде бүркіт иесінің дауысына жауап бермесе, талпыныс есептелмейді. Әр қатысушыға жерде тұрғанда немесе ат үстінде тұрып өзінің бүркітін бір рет шақыруға рұқсат етіледі», — деді ҚР Құсбегілік федерациясының өкілдері агенттік тілшісіне берген жауабында.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform