Бұршақ, дауыл, тұман: 8 мамырға ауа райы болжамы

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет 8 мамыр күнгі ауа райы болжамын жариялады.

Фото: Максат Шагырбай / Kazinform

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсерінен, Қазақстанның барлық аумағында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 

Еліміздің батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұрып, түнде және таңертең тұман болады. Тек ҚР оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді. Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл болады.

Қызылорда, Қарағанды, Павлодар облыстарында, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарының солтүстігінде, Түркістан облысының, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Мұндай ауа райы Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде де болжанған.  Ақмола облысының оңтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында да жоғары өрт қаупі күтіледі.

Жетісу облысының оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Бұған дейін «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.