Бұршақ, найзағай, үсік: қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Фото: Фото: pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM – Қазгидромет синоптиктері 3 мамырда республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауатынын, екпіні күшті жел соғатынын және үсік жүретінін болжады.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Абай облысының батысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысының орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығысытан, шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 17-22 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз тау асуларында күші 15-20 м/с. 03-06 мамырда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Шымкенте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 03 мамырда облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астанада түнде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік күтіледі.

Бұған дейін хабарланғандай, мамыр айының басында жел күшейіп, қар аралас жаңбыр жауады.