Синоптиктердің болжамынша, елдің басым бөлігінде найзағай, бұршақ, дауылды жел, аптап ыстық және өрт қаупі сақталады.
Астанада күндіз ауа температурасы 35–36 градусқа дейін көтеріледі.
Еліміздің шығыс, орталық және оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы көтеріле түседі. Абай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Қарағанды, Павлодар және Ұлытау облыстарында күн 35–41 градусқа дейін ысиды.
Ең жоғары температура Қызылорда мен Қызылорда облысында тіркелуі мүмкін. Мұнда аптап ыстық 40–42 градусқа жетеді.
Сонымен қатар Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғады.
Алматы, Жамбыл, Жетісу және Түркістан облыстарының таулы аймақтарында өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Синоптиктердің мәліметінше, бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Еске сала кетейік, осыған дейін Қостанай облысының қай жерінде демалуға болатыны туралы материал жарияладық.