Бұршақ, найзағай, нөсер жауын: 21 сәуірге арналған ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» мамандары 21 сәуір, бейсенбі күні ел аумағында ауа райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның басым бөлігіне атмосфералық фронттар әсер етеді.

Салдарынан жаңбыр жауады, оңтүстіктің таулы аудандарында және солтүстікте қатты жауын-шашын жауады.

Республика бойынша жел күшейеді, солтүстікте тұман түсіп, оңтүстікте найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл тұрады.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, күндіз солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с, солтүстік-батысында, шығысында тұман түседі.

Қарағанды облысында жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жел қарқыны 25 м/с жетеді.

Алматы облысының таулы аудандарында бұршақ жауып, дауыл соғады. Найзағай кезінде желдің күші - 17-22 м/с. Алакөл аумағында жел 25 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында бұршақ жауып, дауыл тұрады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде жел екпіні - 15-20 м/с.

Павлодар облысының оңтүстігінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен күшті жел тұрады.

Қостанай облысының солтүстік жартысында тұман түседі, күндіз солтүстікте, шығыста жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында желдің күші - 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.