Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбырмен бірге найзағай болады, дауыл, желдің күшеюі күтіледі, бұршақ болуы мүмкін, оңтүстікте - шаңды дауыл болады.
Тек республикамыздың батысында жауын-шашынсыз болады.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, кей жерлерінде дауыл, бұршақ болуы мүмкін, түнде және таңертен жекелеген ауданында тұман күтіледі.
Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз шаңды дауыл, дауыл болып, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.
Алматы, Жамбыл облыстарында, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты болады.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл , Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.